misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 65 гостей

Қазына іздеуші

3923 1
с нами с 13 октября 2014

Ия, мен қазына іздеушімін. Орысша айтқанда кладоискатель. Бұл хобби маган жаңа ашылған әлемдей болды. 2012 жылдың күзінде Чехияда білім алып жүрген Кирилл атты досым кезекті демалысқа келгенде темір іздейтін құрал алып келіпті. Ол маған қазына іздеуге бірге шығайық деген ұсыныс жасады. Оған дейін де өзім археологияға қызығып жүріп едім бірден келісе кеттім. Бірақ барлығы біз ойлағандай оңай емес екен. Бірінші мәселе ол қазына іздейтін жер іздеу. Біз алысқа бармай, Алматының маңынан көне ауылдардың орнын іздедік. Сөйтіп Қарақастек ауылының маңынан ескі диірменнің орнын таптық. Кеш бата, өкінішке орай, ешнәрсе таппай үйімізге қайтуға тура келді. Бірақ біз енді жаңа орындар іздеп тағы барамыз деп жоспар құрдық. Сөйтіп жүргенде күн суытып, қыс келіп біздің жоспарларымызды бұзды. Қыста мен ғаламтордан қазына іздейтін адамдарды іздеп тауып, олармен танысып келер жылға жоспар құра бастадым. 2013 жылы көктем ерте келді, наурыздың ортасынан бастап күн жылынып жер көктей бастады. Мен Алматының үш қазына іздеушісіне көктемде бізді ала кетіңдер деп қолқа салып қойдым. Наурыздың 21 олар маған телефон шалып ертен таңғы жетіде дайын отыр алып кетеміз деді.Кирилл досым жумыстан шаға алмайтынын айтып құралды маған берді.22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні біз Алматыдан 130 шақырымда орналасқан бір ескі ауылдың орнына бардық.Ол жерде 1881-1930 жылдар аралығында ұйғыр ұлты тұрған екен.Барлығымыз құралдарымызды жинап ізденіске кірісе кеттік.Жаңа достарым 2-3 тиыннан тауып жатыр,ал менде дат басқан шеге мен қақпақтан басқа құнды ешнарсе шықпады.Түс ауа құралым жақсы үн берді.Қазып қалган едім жердің бетіне көне тиынға ұқсаған домалақ шыға келді.Жүрегім дүрс-дүрс қағып жаңағы тапқан бақырды тазаласам ол 1899 жылғы Николай патшаның копейкасы екен.Қуанғанынан айқай салдым.Сол күні мен 3 тиын жане бір көне түйме таптым.

Ортасы тесік Қытайдын 19 ғасырда соғылған тиыны. Келесі күні барып өзіме темір іздейтін құрал сатып алдым.Бағасы аса қымбат емес екен.Ғаламтордан өзім сияқты жаңадан бастап журген жігіттерді жинап топ құрып алдым алдым.Өкінішке орай бұл хоббидің өкілдері 99 пайыз орыс ұлтының өкілдері екен. Екі апта өте жаңа тобыммен жаңа жерлерге бардық.2013 жылдың қорытындысы астыңғы суреттерде.

   Айта кететін жайт біз мемлекеттің қорғауындағы тарихи орындарды қазбаймыз.Ондай жерлерді қазу тек археологтардың құзырында.Ал заңды бұзған адам қатаң жазаланады.Сол себепті біз мемлекет қорғауында емес,аса тарихи құндылығы жок ескі ауыл орындарын қазамыз.Немесе жәрмеңке болған алаңдарды зерттейміз.Сондай бір алаң Қарқара жәрмеңкесі болған жер.Қарқара жәрмеңкесін біз көп іздемедік.Қарқара ауылына барып жергілікті тұрғындардан сұраған едік,олар бізге жәрмеңкенің орнын көрсетті.Бұрыңғы базардан қалған ештеме жоқ.Тек жазық алаң.Сол күні менім жолып болып өмірімде бірінші рет алтын тиын таптым.Николай патшаның 1899жылғы тиыны,номиналы 5 рубль.Алтын тиын тапқандағы сезімімді сөзбен жеткзу мүмкін емес.Бірақ сол күні тиынға әбден байыдық.Жерден шыққан тиындарға қарасан сол бір жылдары адамдардың қалталары тесік болғанба дейсің.

   Күндердің бір күнінде біз алыс сапарға шыктық.Алматыдан 400 шакырым  жерде бір өзеннің бойында 13 ғасырда моңғолдар тұрыпты мыс.Оны бізге сол озеннің маңында малын баққан ата айтты.Мал бағып жүріп көне қыш құмыралар тапқанын және төте жазу жазылған тиын тапқанын айтты.Ол жерге біз түнгі бирде шығып таңғы алтыда жеттік.Құралымызды жинап іске кірістік.Ең бірінші Сергей досым бір тиын тапты.Қарасам Қытай тиыны екен.Көне тиыннан шамалы хабарым бар мен 11 ғасырда Солтүстік Сун мемлекетінде соғылғанын айттым.Қызығуымыз өрши түсті,ақырындап 13 ғасырдағы Шағатай ұлысының мыс фельстері мен күміс дирхемдері табыла бастады.Жалпы сол тиындарға қарап сол жерде көне қала болғанын,ол қала 11-14 ғасыр аралығында тіршілік еткенін аңғардық...Көп ұзамай табысымызды ахеологтарға айттық,олар тапқан жәдігерлерімізді өзімізге қалдыруға рұқсат берді.Келесі жылы зерттеу жұмыстарын жүргізетінін айтт.Бұл біздің еліміздің тарихына қосқан кішкене үлесіміз болса керек.

Биыл менім хоббиіме екі жыл болады,екі жылдың ішінде талай қызықты бастан өткердім.Хоббиімнің арқасында ел көрдім жер көрдім.Алматы облысында бармаған жерім баспаған тауым қалмады десемде болады.Нумизматикалық коллекциямда түрлі тиындарға толды.Бір өкініштісі сол ата-бабамыздың мурасына қызыққан қаракөз бауырларым саусақпен санарлықтай екен.Тарихи жәдігерлеріміз өзге ұлттың уысында кетіп жатыр.Осы қазақ жастарының қашан кафе мен бильярдтан қолдары босайды екен деген үмітпен шағын мақаламды аяқтайымын.

 
 
 

Комментарии

Глеб Пономарев
27 Февр 16:02 # ответить
Мақалаңызға рахмет, өте қызықты. Мне всегда было интересно, есть ли у нас кладоискатели.
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2783 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2783', { type: 'blog', node_id: '2783', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });