misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 139 гостей

Ерекшеленудің дұрыс және бұрыс жолы

с нами с 10 сентября 2019

Көлік иелерінің бірталай қаржы жұмсап,  «крутой» нөмір алуы, немесе ұялы телефон пайдаланушыларының бірдей саннан тұратын нөмір алуға ұмтылуы мені ылғи таңғалдыратын. Менің түсінгенім, бұл құбылыстың жалғыз себебі бар және ол өзге жұрттан ерекшеленуге деген талпыныс. Әрине, ерекшеленуде тұрған ешнәрсе жоқ, мен ерекше болуды қолдаймын, әйтпесе бәрі бірыңғай болып кетсе, тағы болмайды. Алайда, ерекшеленудің де өз жолы бар, дұрыс ерекшелену мен бұрыс ерекшеленуді ажырата білген жөн.

Дұрыс ерекшелену деген не?

Адам о бастан өзгелерден ерекше болып туады және өскен сайын бұл ерекшелік арта береді. Бізді шынайы ерекше ететін ол біздің келбетіміз, дауысымыз, мінезіміз, адамдығымыз, мәдениетіміз, біліміміз, жеткен жетістігіміз және тағы басқа. Егер адам өте сыпайы, мәдениетті және адал болса, ол көпшіліктен ерекшелене түседі. Сондай-ақ, білімі көп, бірнеше жетістікке жеткендер де өзгелерден қатты ерекшеленеді. Мұндай ерекшеленуді мен құп көремін және бұл адал ерекшелену.

Бұрыс немесе жасанды ерекшелену деген не?

Өз қолыңмен, жаратылысыңмен ерекшелене алмай, қосымша дүниелер арқылы ерекшелену.

Мысалы, қымбат нөмір алу. Көліктің жағдайында VIP нөмірдің құны 250 мың теңгеден жоғары тұрса, ұялы телефон жағдайында ең кемі 200 доллар тұрады. Мұндай нөмір алғаннан көлігіңіз қатты жүріп, ұялы телефоныңыздың қуаты артып кетпейтіні анық.  Мұндағы мақсат қарапайым жұртты таңғалдыру, «Қарашы, мына пәленшенің нөмірі қандай әдемі», «Өңкей жетіден тұратын нөмір, қандай керемет» деген секілді пікір қалыптастыру. Біріншіден, дәл бүгінгі жағдайда адамдардың дәл осылай таңдануы екіталай, екіншіден, адамдарды дәл осылай таңғалдырғаныңызбен сізге келіп кетер ешқандай пайда жоқ.

Тағы бір мысал. Жұрттардың көбі құны ары кетсе 200 мың долларға дейін баратын көлік мінеді. Бірақ кейбір адамдар жұрттан ерекшеленіп 1 немесе 2 млн. доллар тұратын супер көліктер сатып алып жатады. Тағы сол ерекшелену. Әрине, 1 млн тұратын көліктің мүмкіншілігі көп, дегенмен мұндағы мақсат сол мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану емес, сол мүмкіндігі көп нәрсенің иесі ғана болу. Осы мысалды айтқанда, қолдарында айфоны бар, бірақ соның ішінде GPS бар екенін білмей, адасқан кезде көшедегілердің мазасын алатын адамдар есіме түседі.

Студент кезімде Burberry брэндінің пакетін біреуден сұрап алып, сабаққа ұстап келетін студенттерді көретінмін. Сондағы мақсат жұрт мені осы брендтің киімін сатып алған екен деп ойлап қалсын деген оймен рахаттану, өзін ерекше сезіну.

Менің бұл пікірімді қабылдау әрбір адамға қиын тиеді және мен оны түсінемін да. Бірақ эмоцияның бәрін алып тастап қарау арқылы, белгілі бір ортақ пікірге келуге болатын сияқты.

Біз Марк Цукербергтің, Стив Джобстың қарапайым киінгеніне таңғаламыз. Бізді сондай-ақ, жағдайы мықты еуропалықтардың шағын көлемді қымбат емес көлік мінуі де таңғалдырады.

Мұның себебі неде?

Менің ойымша, бұл жердегі негізгі мәселе – құндылықтар жүйесінде.

Біз үшін бірінші кезекте не құнды? Біреудің біз туралы жақсы ойлағаны ма? Егер шынымен де жақсы адам болсақ, уайымдамасаңыз да болады, қоғам соқыр емес. Бірақ көп жағдайда біз өзіміз туралы пікірді әсірелеп жеткізгіміз келеді ғой. Жалпы, менің ойымша, қоғамнан мұндай жасанды жолмен ерекшелену белгілі бір деңгейде мәдениетсіздіктің белгісі.

Тағы да айтамын, ерекшеленуге қарсы емеспін, тек дұрыс жолмен, табиғи жолмен, еңбек жолымен ерекшеленейік. Жасанды ерекшелену уақытша нәрсе, ол алдамшы нәтижеге жетелейді.

Аталмыш мәселенің танымалдылыққа да қатысы бар. Неліктен екенін білмейміз, біз әйтеуір танымал болғанды қалап тұрамыз, бізді білсе екен, таныса екен деген ой маза бермейді.

Егер бізді көп адам таныса, үстімізде қымбат әшекей болса, бізден асқан бақытты жан жоқтай көрінеді. Олай емес, шын мәнісінде бұл алдамшы нәрсе. Дәл осы жерде батыс бізден қатты ерекшеленеді. Олар үшін негізгі құндылық: сөз бостандығы, отбасының амандығы, сапалы білім, өз салаңның кәсіби маманы болу, қоғам дамуына үлес қосу. Бізге осы құндылықтар жетіспейді.

Сондай-ақ біз мақсат қоюдан да қателесетін сияқтымыз. 

Әрине, өзіңді танытуда тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ бұл басты мақсат, миссия болмауы тиіс. Егер сен бірнәрсемен айналыссаң, сол айналысқан салаңды бүге-шігесіне дейін меңгерсең, сөйте тұра қоғамға бір пайда тигізсең, танымалдылық өздігінен келеді. Адамның мақсаты қоғамның лайықты мүшесі болу, азамат болу, өз салаңның кәсіби маманы болу және т.б.

Сұрақ: Генри Форд өз машинасын жасаған кезде ойында ең бірінші танымал болу тұрды ма, әлде сапалы машина жасау тұрды ма? Илья Ильин ауыр атлетикамен айналысуды бастаған кезде бірінші кезекте танымал болуды көздеді ма, әлде ауыр атлетші ретінде әлем чемпионы, олимпиада чемпионы атануды көздеді ма?

Шәмші Қалдаяқов ешқашан танымалдыққа ұмтылған емес, бірақ ол халықтың жадында мәңгілікке қалды. Неге? Себебі ол бізге өшпестей із қалдырды. Міне біздің мақсатымыз да, миссиямыз да осы болуы қажет.

Бүгінгі жағдайда, біз көбіне-көп атың шықпаса жер өртенің кейпіндеміз. Өкінішке орай, бұл мемлекеттік деңгейде де байқалады.

Мемлекеттік деңгейде дейтінім, біздің елде өтетін халықаралық жарыстар, конференциялар, семинарлардың барлығы елімізді таныту мақсатында өтеді. Біз өзіміздің мақтаныштарымызды шетелдіктерге көрсетуге барымызды саламыз, кейде көрсетпеу қажет нәрселерді де көрсетіп жатамыз. Ақыр соңында біз немен таныламыз әлемге? Мәселен, Оңтүстік Кореяны алып қарайық. Әлемдік деңгейде бұл елдің танымалдылығы бізден әлдеқайда жоғары. Бірақ бұларды әлем қалай таныды, жиындар арқылы ма? Жоқ. Кәріс халқы өз техникасымен, технологиясымен, медицинасымен танылды. Олар бастапқы мақсат ретінде танымалдылықты қоймады, ерекшеленуді ойламады. Олар мемлекет ретінде дамуды ойлады.

Сөз соңында айтарым, танымал болуға, ерекшеленуге ұмтылудың қажеті жоқ. Бұл өздігінен келетін дүниелер. Бастысы еңбек етейік, кәсіби маман атанайық, шығармашылық табыстарға кенелейік!

Война никогда не заканчивается. Почему стоит посмотреть сериал «Холивар»
10 сентября 2019
GONZO
просмотров: 22
От какого момента отсчитывать историю рунета? Кто были эти люди, передавшие первую информацию через сеть по территории России, и где они сейчас?
Секс Аглафены Андреевны
10 сентября 2019
GONZO
просмотров: 28
Только все у тебя наладится, как обязательно наткнешься на очередную историю успеха про очередного счастливца и сразу понимаешь, что у тебя в жизни все опять сложилось совершенно не так. 

Комментарии

Aisulu Moldabekova
19 Нояб 10:58 # ответить
Қоғамымыздың "дерті" (әсіресе, жас буын арасында) жазылыныпты, дұрыс көтергенсің мәселені Дархан, жарайсын. Тақырыпқа орай, демонстративті қоғам туралы жазған едім алдын. http://www.jaqsy.kz/article/view?id=406
Удалён   →  Aisulu Moldabekova
19 Нояб 11:48 # ответить
Aisulu Moldabekova, оқып шықтым. Мықты еңбек екен, сен ғылыми тұрда негіздепсің және жақсы негіздепсің. Бұл дерттен құтылу керек.
Zhandos Imanbay
19 Нояб 16:23 # ответить
Дұрыс әрі дәйікті сарапталған пост!!! Мемлекет тұрғысында мысал келтіргеніңіз жөн болған. Олимпияда, Азиада емес нақты даму факторларымен ерекшелегендігін менде қолдаймын!!!
Gauhar Astana
22 Нояб 07:57 # ответить
Оте дурыс айтылган
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2672 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2672', { type: 'blog', node_id: '2672', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });