↑
Пользователь — "Bagdal Akynuli"
Bagdal Akynuli
с нами с 15 октября 2015
Комментариев — 1
ИШИМ содырлары жайлы алдыңғы тақырыпты да толығынан оқып шыққан едім. Иә, ИШИМ содырының газетке берген сұхбатында "Ол жерде адамның тауық құрлы құны жоқ", -дегені бар еді. Ал, сол еркін содырлардың тайраңдауынан бүгінгі Туркия халқының зардап шегіп, қарапайым халықтың қанға бөгіп қасірет шегіп жатқандығына, бүгінгі Туркия мемлекеті еш тосқауыл қоя алмай отыр деуге сену қиын-ақ. Өзіңіз сараптап отырғандай бұл билік арасындағы бәсекелестіктің кесірінен туындап отырған жағдай болуы әбден мүмкін. Шынымен де 400 депутаттың сайлануы емес, керісінше 400-ге жуық халықтың жазықсыз қырылуы сол бәсекелестіктің нәтижесі болып отырса керек. Ал Туркия билігінің ИШИМ-мен ара байланысы бар екені күмәнсіз. Кезінде Туркиядан ИШИМ-ге қару-жарақ жіберген Ердоған режимінің жалғасы жоқ деуге болмас. Тіпті Ататүрк құрған Респубдикалық халық партиясының басшысы Камал Қылыштороғлының ҰҚК-ның өз қызыметтерін шынайы жасамай отыр, олар тек АК партияға қызмет етеді деуі де орынды сияқты. Әділет министрі Кенан Илектің халқы қанға бөгіп жатқанда шімірікпестен "КҮЛІМЖУІ" тіптен күмәнді... Ең бастысы Туркия билігіне мұхият "ТАЗАЛАУ" жүргізбейінше жағдай ушыға түспесе оңалмасы белгілі..