misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 117 гостей

«WALL-E» анимациялық фильмін көрдіңіз бе?

с нами с 14 июня 2014

Жеке басым Батыстың субмәдениетті жиі насихаттауын құп көрмесем де, олардың кейбір туындыларына тамсана қараймын. Сондай туындылардың бірі – «WALL-E».

«WALL-E»Pixar Animation Studios түсірген ғылыми-фантастикалық жанрдағы компьютерлік анимациялық фильм. 2008 жылы жарыққа шыққан бұл фильмнің режиссері «В поисках Немо» үшін «Оскар» сыйлығына ие болған Эндрю Стэнтон.

Сюжет

2100 жылдары Buy `n Large мегакорпорациясы Жер шарындағы экономикалық қызметтің барлық түріне бақылау орнатып, ақыр соңында әлем билеушісіне айналады. Өңделмейтін қоқыстың шамадан тыс көп болуынан ғаламшарымыз ластанғаны сонша, мұнда тіршілік үшін өмір сүру мүмкін болмай қалады. 

Осы кезде адамзатты сақтап қалу мақсатында Buy `n Large адамзат тарихындағы ең үлкен ұшатын кеме «Аксиомамен» ғарышқа ұшуға бел буады. Жер шарын тазалау сонда қалған мыңдаған роботтарға жүктеледі. Алайда 700 жыл өткеннен соң сол роботтардың тек біреуі ғана аман қалады және ол робот - WALL-E.

Ұзақ жылдар бойы жұмыс істей жүріп WALL-E-дің бойынан тұлғалық қасиет пайда болады. Ол саны жоқ қоқыстың ішінен бұрыңғы, адамзат өркениетінің кейбір қызықты қалдықтарын жинаумен айналысады.

Күндердің бір күнінде ғаламшарымызға EVE зерттеу роботы келеді. Бұл роботтың келуі WALL-E-дің өміріне және бүкіл адамзаттың болашақ тағдырына үлкен өзгеріс әкеледі. 

Бұл туынды маған не үшін ұнады?

Картинаның сапасын, ондағы басты қаһармандардың бейнесі, музыкалық әрленім секілді барлық сапалы фильмдерде болатын дүниелерді қоспағанда, маған қатты ұнағаны фильмнің идеясы.

Идея демекші, мен бұл туындыдан бірнеше идея байқадым:

Ең әуелі, бұл әрине махаббат, және махаббат болғанда қарапайым қыз бен жігіттің арасындағы емес, робот пен роботтың арасындағы сезім. Автордың, менің ойымша, айтқысы келгені, адамзат «утопиялық өмірді» іздейміз деп жүріп, адамзаттың ең басты байлығы сүйе білу бақытынан айырылуда. Егер осылай жалғаса берсе, біз сезімнің не екенін ұмытамыз және біздің орнымызға біз жасаған роботтар ояна бастайды.

Екінші бір тамаша идея: қоршаған ортаның ластануы. ХХ ғасырда қоршаған ортаға бүкіл адамзат тарихында келмеген зиян келді. Бұл процесс әлі жалғасуда, табиғатымыз күннен күнге былғанып, күйреп жатыр. Жекелеген ұйымдар құрылып, қоғамдық қозғалыстар әрекет етіп жатқанымен, жаппай өндірістік дәуірдің олардың әрекеттері теңізді тамшы іспеттес болып барады. Осыған орай, фильм авторлары мен режиссері күрестің жаңа формасын жүзеге асырып отыр. Бұл қоршаған ортаға деген әрбір адамның көзқарасын өзгерту. 9 адам қоқыс тастап, бір адам қойыңдар дегеннен өзгеретін нәрсе шамалы. Ал егер 9 адам тазалықты сүйіп, 10-шы адам артын жинамай жүрсе, қалған 9 әлгі 10-шыны тәртіпке салады. 

Үшінші идея: технологияға жаппай тәуелділік. Ғылымның дамуы адамзаттың өміріндегі ең үлкен парадоксқа әкелді. Адам өмірін жеңілдететін технологияларды неғұрлым көп ойлап тапқанымызбен, қарапайым әрекеттерді жасауға қауқарсыз болып барамыз. Егер ХХІ ғасырдағы заманауи қала тұрғынын, адам аяғы баспаған аралға алып барса, аш қалады. Өйткені ол табиғи жағдайда өмір сүруден өте қатты алыстап кетті. Дәл осы идея аталмыш анимацияда басқа формада жеткізілген. Адамдар қимыл-қозғалыстың болмауы әсерінен мүлдем жүре алмайтын деңгейге жетеді.

Жалпы айтқанда осы, мұқият қарасаңыз тағы да көптеген қызықты дүниелерді кездестіруге болады. Мәселен, фильмдегі әрбір роботтың атауы белгілі бір мағына береді. Бұл туралы толықтай Википедиядағы мақаладан оқи аласыздар. 

Айтпақшы, WALL-E халықаралық кинофестивальдардың көбінде жеңімпаз атанған:

Сөзімді аяқтай келе айтатыным, бүлдіршінге шаттық, үлкенге ой сыйлайтын «WALL-E» мультфильмін көріңіздер, өкінбейсіздер.

«Забытые богом»
21 февраля 2018
GONZO
просмотров: 9
Сериал, который стоит посмотреть даже тем, кому не нравятся вестерны
Зачем нужны ценности
21 февраля 2018
GONZO
просмотров: 9
На какой вопрос должен ответить каждый человек

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2357 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2357', { type: 'blog', node_id: '2357', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });